Accessibility links

Сирияның солтүстігінде ИМ тобының ондаған адамы оққа ұшқан


Сирияның Түркиямен шекаралас аймағындағы жихадшыларға қарсы операция. 24 тамыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)
Сирияның Түркиямен шекаралас аймағындағы жихадшыларға қарсы операция. 24 тамыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Сирияның солтүстігінде соңғы тәулікте «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының қырыққа жуық қарулы мүшесінің көзі жойылған. Бұл туралы хабарлаған Түркиядағы әскери дерек көздерінің айтуынша, Түркияның қолдауына сүйенген көтерілісшілер жихадшыларға қарсы соғысып жатқан аудандарда шайқас үдей түскен.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, түрік әскери танкілері мен ұшақтарының қолдауымен сириялық көтерілісшілер жихадшылар бақылауындағы Дабик қаласына жақындаған. Сирияның солтүстігіндегі Түркиямен шекаралас аудандарда «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы операция тамыз айында басталған.

XS
SM
MD
LG