Accessibility links

Киев Станиця Луганськадан әскерін әкетуді кейінге қалдырды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Сепаратистер тарапынан атқылаулар жалғасқаны себепті украиналық әскерді Станиця Луганська кентінен әкету мерзімі кейінге шегерілді деп мәлімдеді Украина қорғаныс министрлігі. Әскерді әкету мерзімі нақты қай уақытқа шегерілгені туралы айтылған жоқ.

Қыркүйектің 21-і күні Минскіде қол қойылған келісімге сәйкес, Донбастағы жанжалға қатысушы екі тарап Золотое, Петровское және Станиця Луганська елді мекендерінен әскерді әкетуге міндеттенген. Золотое мен Петровское жанынан өтетін сызық бойынан әскер қазанның 1-і және 7-і күндері әкетілген.

Киевтің дерегі бойынша, өткен тәулік ішінде елдің шығысында украиналық бір әскери қызметкер қаза тауып, тағы біреуі жараланған. Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аудандарда екі сепаратист мерт болған туралы хабарланды. Кеше Украина барлау қызметі Донецк облысына әскери танкілер, реактивті қару жүйесі мен үлкен көлемде оқ-дәрі енгізді деп Ресейді айыптаған.

XS
SM
MD
LG