Accessibility links

Түркияда автокөліктегі жарылыс 18 адамның өмірін қиды


Иракпен шекарада автокөлікте жарылыс болған жерде тұрған адамдар. Түркия, 9 қазан 2016 жыл.
Иракпен шекарада автокөлікте жарылыс болған жерде тұрған адамдар. Түркия, 9 қазан 2016 жыл.

Түркияда бүгін автокөлікте болған жарылыс салдарынан 18 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жараланған. Құрбан болғандар арасында бейбіт тұрғындар бар деп хабарлады елдің премьер-министрі Бинали Йылдырым.

Түркияның Ирак және Иранмен шекарасындағы Хаккари провинциясында бақылау-өткізу бекеті жанында автокөлікте жарылыс болған. Премьер-министр әлгі көлікте бес тонна жарылғыш зат болған дейді. Бұл шабуылға жауапкершілікті әзірше ешкім мойнына алған жоқ.

Анкара бұл шабуылға Түркияда «терроршыл ұйым» деп танылған «Күрдістан жұмысшы партиясын» айыптады.

Шабуыл жасалған аймақта күрд қарулы жасақтары бар. «Күрдістан жұмысшы партиясы» Түркия аясындағы автономияға қол жеткізу үшін күрес жүргізіп келеді. Түркия күрдтерді ұлттық азшылық деп мойындамайды.

XS
SM
MD
LG