Accessibility links

Чехияда "Мемориал" ұйымының филиалы ашылды


"Мемориал" халықаралық ұйымының Мәскеудегі кеңсесі.

"Мемориал" халықаралық ұйымының Мәскеудегі кеңсесі.

Чехияда "Мемориал" халықаралық қоғамының жергілікті бөлімі ашылды. Ұйымның бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан. Бөлімнің ресми сайтында хабарланғандай, Чехиядағы филиалда советтік репрессия тарихын зерттейтін, бұрын "Мемориалмен" әріптес болған екі елдің де сарапшылары жұмыс істейді.

4 қазанда Ресей әділет министрлігі "Мемориал" халықаралық ұйымын "шетел агенті қызметін атқаратын" ұйым деп таныған. Ұйым бұл шешімді заңға қайшы деп атап, сотқа шағымданатынын мәлімдеген. Ресей билігінің шешімін Чехияның белгілі ғалымдары да сынады.

"Мемориал" - Ресейдегі 1989 жылы құрылған алғашқы үкіметтік емес ұйымдардың бірі. "Мемориал" СССР-дегі саяси репрессияны зерттеу, репрессия құрбандарының мұрағатын жасау, құрбандарды еске алу, ағартушылық және құқық қорғау қызметтерімен айналысады.

XS
SM
MD
LG