Accessibility links

Украина билігі ТМД-дан шығу жайын ойласып жатыр


Павел Климкин, Украина сыртқы істер министрі.
Павел Климкин, Украина сыртқы істер министрі.

Украина ТМД-дан шығу мәселесін қарастырып жатыр деп мәлімдеді осы елдің сыртқы істер министрі Павел Климкин.

"112-Украина" телеарнасында сөйлеген Климкин Украина мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстар Донбаста қақтығыс басталғанға дейінгі кезеңдегі деңгейіне жақын болашақта жете қоймайтынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, соғысқа дейін Ресеймен сауда айналымы 37 пайыз болған, ал қазір ол 5 пайыздан аспайды.

Киев ТМД-дан шығу ниетін 2014 жылы ақпанда білдірген. Кейін Украина сыртқы істер министрлігі экономикалық байланыстарды күрт үзу мүмкін емес болғандықтан ТМД-мен аз ғана байланыс орнатуға шешім қабылданғанын жариялаған.

XS
SM
MD
LG