Accessibility links

Назарбаев Иордания королін марапаттады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "ядролық қарусыз әлем құруға және ғаламдық қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін" Иордания королі Абдалла ІІ-ні марапаттады деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Сыйлықтың Иордания короліне берілгенін Назарбаев бүгін резиденциясында шет мемлекеттер елшілерінен сенім грамоталарын алу кезінде айтқан.

"Ядролық қарусыз әлем құруға қосқан үлесі үшін мен арнайы сыйлық тағайындауға шешім қабылдадым" деген Назарбаев.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Қазақстан президенті бұл сыйлықты тағайындау үшін арнайы комитет құру және оны жыл сайын 29 тамызда - Семей ядролық полигоны жабылған күні тапсыру жоспары барын айтқан.

Алғашқы сыйлық қарашада Астанада мемлекет басшылары қатысатын саммитте табысталуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG