Accessibility links

МҰҚК АҚШ елшілігінің теракт қаупі туралы хабарламасын тексеріп жатыр


Бішкектегі АҚШ елшілігі (Көрнекі сурет).

Бішкектегі АҚШ елшілігі (Көрнекі сурет).

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігінің америкалықтарды елде теракт болуы мүмкін деп ескерткен хабарламасын тексеріп жатыр. Комитеттің хабарлауынша, елшілік арнайы қызметке теракт қаупі туралы ешқандай мәлімет бермеген. Тексеру БАҚ-та елшілік мәлімдемесі жарияланған соң басталған.

Сонымен қатар тексеруге Қырғызстан сыртқы істер министрлігі де қосылған. Кеше елшілік қазан айында Қырғызстанда адамдарды кепілге алатын, жергілікті билік пен шетелдік дипломаттарға қарсы терактілер болуы мүмкін екенін айғақтайтын ақпарат алғанын хабарлаған.

"АҚШ азаматтарына қандай да бір нақты қауіп-қатер жоқ болса да, елшілік Қырғызстанда тұратын немесе саяхаттап келген америкалықтарға жеке қауіпсіздік шараларын жасауды, оның ішінде көпшілік орныдар мен қоғамдық көлікте жүргенде мұқият болуды ескертеді. Елшілік сонымен бірге АҚШ азаматтарына адам көп жиналатын орындарға бармауға, жергілікті билік нұсқауын үнемі орындауға, БАҚ-тағы ақпараттардан хабардар болып отыруға кеңес береді" делінген

XS
SM
MD
LG