Accessibility links

Дағыстанда күдікті содырлардың көзі жойылды


Дағыстандағы ауылдардың бірі (Көрнекі сурет).
Дағыстандағы ауылдардың бірі (Көрнекі сурет).

Ресей қауіпсіздік қызметі Дағыстан республикасында арнайы операция барысында үш күдікті содырдың өкзі жойылғанын хабарлады.

Ресей ақпарат құралдарының Дағыстандағы қауіпсіздік қызметі өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, арнайы операция 10 қазанда республиканың оңтүстік-батысындағы Сулейман-Стал басталған және ол әлі жүріп жатыр.

Операциядан қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері жараланған.

Дағыстанда Солтүстік Кавказда ислам халифатын құрғысы келетін содырлар мен қарулы қылмыстық топтардың зорлық-зомбылығы күшейіп тұр.

Аймақтағы қантөгіске ұйымдасқан қылмыс, бизнестегі тәжікелестік, саяси дау мен клан аралық бәсеке де үлес қосып отыр.

XS
SM
MD
LG