Accessibility links

Езид белсенді әйелі Вацлав Гавел сыйлығына ие болды


Езид белсенді әйелі Надиа Мурад Вацлав Гавел сыйлығын алу салтанатында. Страсбург, 10 қазан 2016 жыл.

Езид белсенді әйелі Надиа Мурад Вацлав Гавел сыйлығын алу салтанатында. Страсбург, 10 қазан 2016 жыл.

Адам құқығын қорғау саласындағы Вацлав Гавел атындағы сыйлық езид белсенді әйелі Надиа Мурадқа берілді. Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы 60 мың еуро көлеміндегі ақшалай жүлдесі бар сыйлық 10 қазанда Страсбургте өткен арнайы салтанатты шарада табысталғанын мәлімдеді. Сыйлық осымен төртінші рет беріліп отыр.

2014 жылы 21 жаста болған Надиа Мурад үш ай бойы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымында тұтқында болды. Ол құлдықтан қашып шығып, Германияға жетті. Содан бері құқық қорғау қызметімен айналысып, БҰҰ-ның ерікті елшісі болып жүр.

Надиа Мурад алғаш болып әлемдік қауымдастықтың назарын ИМ бақылайтын Ирак территорияларындағы езидтердің тағдырына, оның ішінде жыныстық құлдық пен әйелдерді және балаларды саудалау мәселелеріне аударуға тырысты. Сыйлыққа кандидаттар арасында сербиялық журналист Гордан Игрич және Халықаралық адам құқығы институты (Рене Кассен қоры") да болды.

XS
SM
MD
LG