Accessibility links

ҰҚК: Теракт жасауды жоспарлады деген үш сезікті ұсталды


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараты, Астана (Көрнекі сурет).
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараты, Астана (Көрнекі сурет).

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) радикалдық топтың мүшесі деген күдікпен үш адам ұсталғанын хабарлады. Арнайы қызметтің ақпаратына қарағанда, күш құрылымдарының қызметкерлеріне қарсы терактілер жасамақ болды деген күдікті үш адам 10 қазанда Алматыда ұсталған.

ҰҚК күдіктілерден қолдан жарылғыш құрылғы мен детонаторлар жасайтын заттар және экстремистік материалдар табылған. Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

ҰҚК дерегінше, арнайы қызмет органдары Алматыда жыл басынан бері 29 радикалдық көңіл-күйдегі адамның қылмысының алдын алған.

XS
SM
MD
LG