Accessibility links

Астана: Мәскеу түбінде өлтіріп кеткен адамның азаматтығы анықталып жатыр


Мәскеу полицейлері (Көрнекі сурет).
Мәскеу полицейлері (Көрнекі сурет).

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Мәскеу түбінде өлі күйде табылған, денесінде пышақ тиген іздері бар ер адамның қай елдің азаматы екендігіне қатысты ресми ақпарат күтіп отыр.

ҚазАқпараттың министрліктің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстанның Мәскеудегі елшілігі Ресей сыртқы істер министрлігіне табылған ер адамның Қазақстан, я басқа елдің азаматы екенін анықтап беруін сұраған.

Бұған дейін ресейлік ақпарат құралдары кеше кешке Мәскеу түбіндегі Люберцы қаласында пышақ тиіп жарақат түскен ер адамның өлі денесі табылғанын хабарлаған. Расталмаған мәлімет бойынша, кісі қолынан қаза тапқан адам Қазақстанның жасы 50-дегі Н.Николай есімді азаматы болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG