Accessibility links

Оралда бұрынғы шенеуніктің ұлынан салық қарызын сотпен төлетпек


Орал азаматтық сотының судьясы Әсел Искакова Игорь Дремасовтың ісі бойынша сот шешімін оқып тұр. Орал, 11 қазан 2016 жыл.

Орал азаматтық сотының судьясы Әсел Искакова Игорь Дремасовтың ісі бойынша сот шешімін оқып тұр. Орал, 11 қазан 2016 жыл.

Оралда қала әкімінің бұрынғы орынбасары Владимир Дремасовтың ұлы Игорь Дремасовтан сот арқылы қымбат көлігінің салығы үшін төлейтін қарызын өндіртіп алуға тырысып жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Бүгін Оралдың азаматтық сотының судьясы Әсел Искакова Игорь Дремасовтан 600 мың теңгеге жуық (1800 АҚШ долларынан астам) ақша өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Шағымданушы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Улфат Мұқанованың сөзіне қарағанда, Игорь Дремесов өз атына тіркелген Mercedes-Benz S 500 көлігінің 2012-2015 жылдардағы салығын төлемеген. Салық қарызы өсімақысымен қоса есептегенде 599 мың 666 теңгеге жеткен.

Владимир Дремесов бірнеше жыл Орал қаласы әкімінің орынбасары болып, 2012 жылы шілдеде қызметінен босатылған. Ол әкім орынбасары болып тұрғанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне жауапты болған. Бұрын ол әкімдік жанындағы "Гордорстрой" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бастығы болған.

Шағым бойынша жауапкер жақтан сот шешіміне қатысты комментарий алу мүмкін болмады. Игорь Дремасовтың өзі сот отырысына қатысқан жоқ.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG