Accessibility links

Прокуратура: 9 айда 54 адам "терроризм" бабымен сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда 2016 жылдың алғашқы 9 айында "терроризм" мен "экстремизм" бабы бойынша 54 адам сотталған деп хабарлады бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті.

Комитеттің хабарлауынша, жыл басынан бері 9 адам аса ауыр қылмыс жасап, 20 жылға және одан көп мерзімге түрмеге қамалған. Адам саудасы бойынша 6 азамат сотталған.

Қыркүйектің соңында парламент мәжілісі "2016-2018 жылдардың республикалық бюджеті туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдаған. Жаңа жобада діни экстремизм және терроризммен күреске 42,7 миллиард теңге бөлу қарастырылған.

XS
SM
MD
LG