Accessibility links

Ақорда: Назарбаевтың жалпы денсаулығы дұрыс


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев суық тиіп, сырқаттанып қалуына байланысты осы аптаның соңына дейін халықаралық шараларға бармайды деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев.

Ақорданың Facebook-тегі парақшасында журналистер сұрақтарына жауап берген Айдос Үкібаев Нұрсұлтан Назарбаевтың "сырқаттанып қалуына байланысты жоспарлы түрде емделіп жатқанын", ал жалпы денсаулық жағдайына қатысты "алаңдаушылық жоғын" айтқан.

Журналистердің Назарбаев Армения мен Әзербайжанға жұмыс сапарымен баруы мүмкін бе деген сұрағына Үкібаев президенттің жұмыс кестесіне бірқатар түзету жасалғанын және мемлекет басшысы осы аптаның соңына дейін халықаралық шараларға қатысу жоспары жоғын айтқан. "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында өтетін жиындарға Қазақстан премьер-министрі қатысады" деген Үкібаев.

Баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, президент бұдан ары әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қызметіне кіріседі.

11 қазанда Ақорда Назарбаевтың "суық тиіп, сырқаттанып қалғанын" және емделіп жатқанын хабарлаған.

Кеше Армения президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаев 13 қазанда президент Серж Саргсянның шақыруымен Арменияға сапарлап баратынын хабарлаған еді.

Президент Назарбаевтың сырқаттанып, ем қабылдап жатқаны туралы ақпарат президенттің ресми сайтында бұрын жарияланбаған.

XS
SM
MD
LG