Accessibility links

Клинтон штабы: FBI Ресейдің хакерлік шабуылға қатысы барын тексеріп жатыр


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ президенттігіне Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтонның сайлауалды штабы Федералдық тергеу бюросы (немесе FBI) штаб басшыларының электрондық хаттарының жарияланып кетуіне Ресейдің қатысы бар-жоғына тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Клинтонның сайлауалды штабының төрағасы Джон Подеста тергеу басталғаны туралы соңғы жексенбіде FBI өкілдері өзінің электрондық хаттарының WikiLeaks-те жарияланып кетуіне байланысты хабарласқанда білгенін айтты. Подестаның айтуына қарағанда, FBI-да өзіне хаттарының жарияланғанына қатысты тергеу Демократиялық партия серверін бұзып кіруге қатысты тергеуге қосылып кеткен. Партия серверіне хакерлік шабуыл жасауға Ресей арнайы қызметінің қатысы бар делінеді.

Бұған дейін Ақ үй президент Барак Обама хакерлік шабуылдарды Ресейдің жасағаны расталса оған жауап ретінде ықтимал "пропорционалды шаралар" жасауды ойластыратынын хабарлаған.

Подестаның сөзіне қарағанда, Ресейдің сайлау барысына "килігуі" мен Клинтонның бәсекелесі, Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамптың жеңіске жетуіне ықпал ету әрекеті барлық америкалықтар үшін "барлығынан да маңызды" болуы тиіс.

Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Мәскеу Клинтонның сайлауалды штабы қызметкерлерінің электрондық хаттарының жариялануына қатысы бар және бұл елдегі сайлау барысына ықпал етуге тырысады деген ұйғарымды жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG