Accessibility links

АҚШ бірнеше пәкістандықты "Талибанға" қатысты қара тізімге енгізді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ Пәкістанның бірнеше азаматын "Талибан" қозғалысына қаржы жымқырды, есірткі тасымалдаған ұйымдарға және басқа да қылмыстық топтарға қатысы бар деп қара тізімге қосты.

Олардың арасында 2015 жылы қыркүйекте АҚШ билігі тұтқындап, қаржы министрлігі оны өзінің Al Zarooni Exchange компаниясы арқылы "Талибан" мен басқа да топтар үшін қаржы жымқырды деп айыптаған Алтаф Хананидің ұлы Обэйд Ханани де бар.

Қаржы министрлігі 11 қазанда 29 жастағы Обэйд Ханани әкесі ұсталған соң оның қаржы жымқыру операцияларын жалғастырған дейді. Алтаф Хананидың қаржы жымқыру ісі бойынша сот осы айда Майамиде өтеді деп белгіленген.

Қара тізімге алынған тағы бір пәкістандық, Алтаф Хананидің немере інісі 29 жастағы Хузайфа Хананидің Al Zarooni Exchange компаниясында жылжымайтын мүлікке инвестиция салу ісіне қатысы бар делінеді. Қаржы министрлігінің мәліметінше, Алтаф Хананидің бауыры Мохаммад Жавед Ханани "қаржылық қызмет көрсету бизнесі арқылы қылмыстық жолмен қаржы ақша табуға араласқан.

Қаржы министрлігі аталған адамдар мен компаниялардың АҚШ-тағы активтерін бұғаттап, америкалықтарды олармен жұмыс істеспеуді ұсынады.

АҚШ сонымен қатар осы адамдарға қатысы бар және қаржы жымқырумен байланысы бар делінген Пәкістан мен Дубайда тіркелген бірнеше бизнес нысанын да қара тізімге қосты.

XS
SM
MD
LG