Accessibility links

Өзбекстан парламенті Мирзияевтің рақымшылық жасау ұсынысын қолдады


Өзбекстан парламентінің сенаты (Көрнекі сурет).
Өзбекстан парламентінің сенаты (Көрнекі сурет).

Өзбекстан парламентінің сенаты 12 қазанда президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзияевтің тұтқындарға рақымшылық жасау ұсынсын қолдады. Рақымшылық 8 желтоқсанда атап өтілетін Өзбекстан конституциясы күні құрметіне орай жарияланбақ.

Рақымшылық жасау туралы заң жобасы күшіне енуі үшін оны сенаттың мақұлдауы жеткілікті. Заң жобасы бойынша, әйел тұтқындарды, кәмелеттік жасқа толмай тұрып қылмыс жасағандарды, жасы 60-тан асқан тұтқын ерлерді, шетелдіктер мен мүгедек тұтқындарды түрмеден босату жоспарланып отыр. Бірақ нақты қанша тұтқынға рақымшылық жасалатыны белгісіз.

Бұған дейінгі конституция күніне орай жарияланған рақымшылық 8 желтоқсанға бірнеше күн қалғанда ғана қабылданатын.

Шавкат Мирзияев қыркүйекте жүрек талмасынан 78 қайтыс болған президент Ислам Каримовтың міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған.

Өзбекстанда 4 желтоқсанда мерзімінен бұрын президент сайлауы белгіленген. Шавкат Мирзияев бұл сайлауда жеңістен басты үміткер саналады. Сарапшылар Мирзияевтің тұтқындарға әдеттегіден ерте рақымшылық жариялауын президент сайлауы қарсаңында өзін қолдаушылар қатарын көбейту амалы деп санайды.

XS
SM
MD
LG