Accessibility links

Бішкек Бакиевтің кіші ұлына қарсы шағымын қайтарып алған


Максим Бакиев, Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің кіші ұлы.

Максим Бакиев, Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің кіші ұлы.

Қырғызстан билігінің бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің кіші ұлы Максим Бакиевке қарсы бірнеше миллион доллар қаржы өндіріп алу туралы азаматтық шағымын қайтарып алғаны хабарланды. Шағым Максим Бакиев үкіметтің екі қорынан 24 миллион доллар қаржы жымқырды деп айыпталған соң берілген. Шағымның өткен айда қайтарып алынғаны туралы Максим Бакиевтің мүддесін қорғайтын Hickman & Rose заң фирмасының сайтында хабарланды.

Лондондағы заң фирмасының мәліметіне қарағанда, биыл сәуірде берілген шағымды қырғызстандық екі агенттік қайтарып алған. Бірақ олардың нақты қандай агенттік екені айтылмайды.

Фирма бұған қоса Бакиевтің "2010 жылы әкемнің билігіне қарсы әскери төңкеріс жасалған соң Ұлыбританияға келдім. Содан бері Қырғызстанның жаңа үкіметінің саяси кек алу әрекетінің құрбанына айналдым" деген сөзін келтірген.

Максим Бакиев Қырғызстанда бірнеше айып, оның ішінде қаржылық алаяқтық жасады деген айып бойынша сырттай өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Ол қазір Лондонда тұрады.

2010 жылы сәуірдегі үкіметке қарсы төңкеріс нәтижесінде биліктен кетірілген Құрманбек Бакиевке де Қырғызстанда бейбіт демонстранттарға оқ атуды бұйырды деген айыппен сырттай өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Ол 2010 жылдан бері Беларусьте тұрады.

XS
SM
MD
LG