Accessibility links

Путин: Сириядағы гуманитарлық көліктерге шабуылды террористер жасады


Владимир Путин "Россия зовет!" форумында сөйлеп отыр. Мәскеу, 12 қазан 2016 жыл.

Владимир Путин "Россия зовет!" форумында сөйлеп отыр. Мәскеу, 12 қазан 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Сирияда 19 қыркүйекте гуманитарлық жүк көліктеріне жасалған шабуылға кінәні "террористік ұйымдардың біріне" тақты. "Россия зовет!" деп аталатын форумда сөйлеген Путин "әңгіме кім туралы екенін АҚШ-қа белгілі екенін" мәлімдеді. Бірақ ол топтың атын атамады.

19 қыркүйекте Алеппо провинциясында сириялық араб Қызыл Жартыай ұйымының гуманитарлық көліктеріне әуеден шабуыл жасалған. Көліктерде 80 мың адамға қажетті гуманитарлық жүк болған. Бұдан соң Алеппоға жеткізілетін халықаралық гуманитарлық көмек тоқтатылған. АҚШ шабуылға ресейлік әскерилердің қатысы бар деп мәлімдеген.

Гуманитарлық көліктерге шабуыл Сирияда одан бұрын келісілген бітімді бұзып, АҚШ пен Ресейдің қарым-қатынасының шиеленісуіне әкеліп соқтырды. Вашингтон Мәскеумен Сирия қақтығысын реттеу жөніндегі ынтымақтастығын бұзды.

XS
SM
MD
LG