Accessibility links

БҰҰ бас комиссары: Дональд әлемге қауіп төндіреді


Дональд Трамп, АҚШ президенттігіне кандидат
Дональд Трамп, АҚШ президенттігіне кандидат

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хуссейн Ресейдің сынын қабылдамай, АҚШ президенттігіне Республикашыл партиядан кандидат Дональд Трампты "халықаралық ұстаным тұрғысынан алғанда қауіпті президент" болатынын мәлімдеді. Осы аптада Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин Зейд Раад әл-Хуссейн Батыс елдерінің басшыларын сынауға тиісті емес және тек адам құқығын қорғау мәселесімен айналысқаны жөн деген еді.

Бірақ Зейд 12 қазанда Дональд Трамптың кейбір мәлімдемелерін "қатты алаңдатады" деп атады. Журналистермен әңгімесінде ол "популистер мен демагогтардың" иммигранттар мен басқа да әлеуметтік әлсіз топтар үшін тудыратын қауіптеріне қатысты ескертпелерінен бас тартпайтынын айтты.

"Дональд Трамп өз пікірлерінен айнымаса, онда президент болып сайланған жағдайда халықаралық қауымдастыққа қауіпті болады" деді БҰҰ бас комиссары.

XS
SM
MD
LG