Accessibility links

Бас прокурор баспана аларда алданбауға шақырды


Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов. Ақтөбе, 29 қыркүйек 2016 жыл.
Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов. Ақтөбе, 29 қыркүйек 2016 жыл.

Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов ел азаматтарын "үй салатын жері бар екен ғой деп ақшаларын кім болса соған бере салмауға" шақырды.

"Сөзсіз, әркім өз ақшасына ие. Бірақ компанияның құжаттары заң талаптарына сәйкес болмаса да, оған ақшасын беріп алданып қалғандардың алдында жергілікті әкім де, кепілдік қор да жауап бермейді" деді Жақып Асанов бүгін бас прокуратурада өткен, үлескерлік құрылыс проблемаларына арналған жиында.

Бас прокурор Қазақстан азаматтарын 10 қазаннан бастап жұмыс істей бастаған «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңның баптарын қатаң сақтауға шақырды. Жақып Асановтың айтуынша, үлескерлікпен үй алмақ болған азаматтар құрылыс компанияларынан кепілдік қорымен жасалған шартын немесе әкімдік рұқсатын талап ету керек және құрылыс компаниясымен тек қана тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасуы қажет.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 59 проблемалық үлескерлік тұрғын үй кешені бар. Олардың 42-сі - Астанада, жетеуі - Алматыда, үшеуі - Маңғыстау облысында, төртеуі - Ақмола облысында, қалғаны - басқа өңірлерде.

XS
SM
MD
LG