Accessibility links

Лұқпан Ахмедьяровқа әкімшілік айыппұл салынды


Лұқпан Ахмедьяров, "Уральская неделя" газетінің журналисі. Орал, 13 қазан 2016 жыл.

Лұқпан Ахмедьяров, "Уральская неделя" газетінің журналисі. Орал, 13 қазан 2016 жыл.

Батыс Қазақстанда шығатын "Уральская неделья" газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяровқа әкімшілік сот бұрын салынған айыппұлды төлеуді кешіктірді деп 10 айлық есептік көрсеткіш (21210 теңге) көлемінде тағы айыппұл салды.

Орал әкімшілік сотында өткен процесте прокурор Мейрам Мұсақұлов соттан сот орындаушысына әкімшілік хаттама толтыру кезінде жасаған процессуалдық қателігі үшін жеке ұйғарым шығаруды сұрады. Журналиске әкімшілік істі 11 қазанда сот актілерін орындау департаментінің қалалық бөлімінің бастығы Кәмшат Дәулетова шығарған. Әкімшілік іске облыстық ішкі саясат басқармасының бұрынғы бастығы, 2012 жылы Ахмедьяровтан "моральдық шығын келтіргені үшін" соттасып бес миллион теңге өндіртуге қол жеткізген Тілекқабыл Имашевтің шағымы себеп болған.

Лұқпан Ахмедьяров үш жыл бойы өндіріп беруі тиіс ақшаны ай сайын төлеп отырғанын, бірақ соңғы айларда қаржылық қиындықтарға байланысты төлей алмағанын айтады.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

XS
SM
MD
LG