Accessibility links

Министрлік: Қашағаннан экспортталатын мұнай құбырға құйыла бастады


Қашаған кенішіндегі жасанды аралдар. 7 сәуір 2013 жыл.

Қашаған кенішіндегі жасанды аралдар. 7 сәуір 2013 жыл.

Қашаған кенішінде бүгін экспортқа шығарылатын мұнайдың алғашқы партиясы құбырға құйылды деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Ресми ақпаратқа қарағанда, "Каспий құбыр желісі консорциумы" (КТК) құбырына 7 мың 700 тонна, "ҚазТрансОйл" компаниясының құбырына 18 мың 800 тонна экспортқа шығарылатын мұнай, ал "Интергаз Орталық Азия" компаниясының магистралдық құбырына 11,8 миллион текше метр экспортталатын газ құйылған.

Үкімет бұған дейін қыркүйектің соңында Қашағанды игеруші North Caspian Operating Company кеніштен алғашқы мұнай ала бастағанын және теңіз бен құрлықтағы мұнай өндіру мен өңдейтін кешендерді сынақтан өткізгенін хабарлаған. Жасанды "А" аралындағы бірнеше скважинадан өндірілген мұнай құбыр арқылы мұнай өңдейтін "Болашақ" зауытына жете бастаған.

Каспий теңізінің Қазақстан жағында орналасқан Қашаған кенішінің жұмысы 2013 жылдың қыркүйегінде теңізден құрлыққа тартылған құбырдан ақау шыққанына байланысты тоқтатылған еді.

XS
SM
MD
LG