Accessibility links

Шымкентте ондаған үй жылу маусымына дайын емес


Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірі. 31 тамыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірі. 31 тамыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

«Шымкенттегі 1718 тұрғын үйдің 36-сы жылу маусымына дайын емес» деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым.

Оның айтуынша, білім, денсаулық және әлеуметтік саладағы бюджеттік мекемелер жылу маусымына толық әзір.

Шымкент қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің өкілі Талғат Қасымбеков қалада жылу беру маусымы құрылыс жұмыстарына байланысты кешігуі мүмкін екенін айтты.

«Қаладағы жылу беру құбырларының 60-65 пайызы ескі. Қаланың оңтүстік бөлігіндегі құбырлар қала әкімдігінің меншігінде. Бюджеттен қаражат бөлініп, ауыстырылған. Қаланың солтүстік бөлігіндегі құбырлар «Үшінші энергоорталық» акционерлік қоғамының меншігінде. Бұл құбырлар ауыстырылған жоқ» дейді ол.

Талғат Қасымбеков қала тұрғындары жылу беру мекемелеріне 91 миллион теңге қарыз екенін айтып, «қарызын төлей алмаған тұрғындардың істері сотқа жіберіліп жатқанын» хабарлады.

«Қуат жылу орталық – 3» мемлекеттік коммуналдық кәсіподағының директоры Мұхит Сексенбайұлының айтуынша, өңірде 2017 жылдан бастап жылудың бағасы өседі.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG