Accessibility links

Сириялық исламшылдар ресейлік әскерилерді өлтіргендерін айтады


«Нусра майданы» исламшылдар тобының мүшелері. (Көрнекі сурет.)
«Нусра майданы» исламшылдар тобының мүшелері. (Көрнекі сурет.)

Сириядағы «Файлак әл-Шам» исламшылдар тобының өкілдері осы елде алты ресейлік әскериді өлтіргені туралы мәлімдеген деп хабарлады интернет желісінде жихадшылар сайттарына мониторинг жүргізетін Site ұйымы.

Исламшылдар Сирияның Хама провинциясында болған оқиға барысында ресейліктермен бірге ирандық және сириялық әскерилерді де өлтіргендерін мәлімдеген. Олар таратқан ақпаратқа қарағанда, исламшылдар әскерилерді үш айы бойы аңдыған.

Ресей қорғаныс министрлігі Сирияда ресейлік әскерилерді исламшыл содырлар өлтіргені туралы ақпаратты жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG