Accessibility links

WikiLeaks: Клинтон Қытайдың айналасына әуе қорғанысы жүйесін орнатуды ұсынған


АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан кандидат Хиллари Клинтон.

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан кандидат Хиллари Клинтон.

АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан кандидат Хиллари Клинтон мемлекеттік хатшы қызметінде болған жеке әңгіме барысында егер Пекин Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тежеуге атсалысудан бас тартса, онда Қытайдың айналасына америкалық зымыранға қарсы жүйе орнатуды ұсынған. Бұл туралы WikiLeaks сайты жариялаған құжаттарда айтылған.

WikiLeaks бейсенбі күні Хиллари Клинтонның сайлау кампаниясының жетекшісі Джон Подестаның жұмыс бабымен жазысқан хаттарының алтыншы бөлігін жариялаған. Хаттардың жария болған үзінділерінде Клинтонның жеке әңгімесінің жазбалары бар. Демократтар партиясы кандидатының штабы жарияланған жазбалардың рас не жалған екенін айтудан бас тартқан.

WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж АҚШ-тағы президент сайлауы науқанына қатысты миллионға жуық құжатта жариялауға уәде берген.

АҚШ президенті сайлауы қарашаның 8-і күні өтеді. Бұл сайлауға Хиллари Клинтонға бәсекелес ретінде республикалық партиядан миллиардер Дональд Трамп түсіп жатыр.

XS
SM
MD
LG