Accessibility links

Швейцарияда бүгін Сириядағы жанжалды реттеу жөнінде келіссөздер өтеді


Алеппо қаласындағы соғыстан қираған ғимараттар. 14 қазан 2016 жыл.

Алеппо қаласындағы соғыстан қираған ғимараттар. 14 қазан 2016 жыл.

Швейцарияның Лозанна қаласында бүгін АҚШ, Ресей және бірқатар аймақтық мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен Сириядағы жанжалды реттеу мәселесіне арналған кездесу өтеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, келіссөздерге Түркия мен Сауд Арабиясы да қатысады. Жиынға шақырылғандардың арасында БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура да бар. Кездесуде Сирияда атысты тоқтату режимін қайта қалпына келтіру жайы талқыланбақ.

Бұған дейін АҚШ пен Ресей арасында жарты жылдан астам уақытқа жалғасқан келіссөздерден соң қыркүйектің 9-ы күні Женевада Сириядағы әскери іс-қимылдарды доғару туралы келісім жасалған еді. 19 қыркүйекте Алеппо провинциясында гуманитарлық жүк тиелген автокеруенге жасалған шабуылдан кейін Сириядағы уақытша бітім бұзылған. АҚШ бұл шабуылға ресейлік әскерилерді айыптап, Мәскеумен Сирия жанжалын реттеуге қатысты байланыстарын үзетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG