Accessibility links

Сирияда үш жыл тұтқын болып оралған ресейлік енді Сомалиге бармақшы


Ресейлік саяхатшы Константин Журавлев.
Ресейлік саяхатшы Константин Журавлев.

Сирияда үш жыл тұтқында болған ресейлік саяхатшы Константин Журавлев Томск қаласындағы үйіне оралды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Енді ол шетелге шығатын паспортын қалпына келтірген соң Сомали мен Ауғанстанға сапарға шығуды жоспарлап отыр.

2013 жылы Сирияның солтүстігінде саяхатшылар блогы үшін видео түсіріп жүрген Журавлевті қарулы исламшылдар кепілге алған болатын. Журавлевті «Ресей тыңшысы» деп санаған әртүрлі исламшылдар топтары оны қолдан қолға өткізген. Исламшылдар тіпті ресейлік саяхатшыны президент Башар Асад үкіметі тұтқындаған әйелдерге айырбастамақшы да болған.

Ресейлік дипломаттар Журавлевті Отанына қайтару туралы Сирия үкіметімен келіссөздер жүргізген. Дамаск Журавлев Сирия аумағына визасыз келгендіктен оның тағдыры үшін жауап бере алмайтынын мәлімдеген.

Константин Журавлевтің Томскіге келуі туралы видео:

1095 күн тұтқын болған саяхатшы
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:39 0:00

XS
SM
MD
LG