Accessibility links

NBC: ЦРУ ресейлік хакерлер шабуылдарына жауап дайындап жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ елдегі президенттік сайлау барысына ресейлік хакерлердің араласуына жауап ретінде Ресейдегі нысандарға қарсы теңдесі жоқ құпия операцияларды қолдануды жоспарлап отыр деп хабарлады америкалық барлау қызметтеріне сілтеме жасаған NBC телеарнасы.

NBC дерегі бойынша, АҚШ орталық барлау басқармасы (ЦРУ) мамандарына Ресейдегілердің мазасын қашыруды және Кремль жетекшілерін жағымсыз кейіпте көрсетуді көздейтін кибероперациялар дайындау туралы тапсырма берілген. Әңгіме нақты қандай операциялар туралы болып отырғаны белгісіз, бірақ NBC телеарнасы әңгімелескендердің сөзінше, америкалық арнайы қызметтердің қолында Ресей президенті Владимир Путиннің «жағымсыз» тактикасына байланысты өте көп құжат бар. Көпшілікке танымал Meet the Press бағдарламасына берген сұхбатында АҚШ вице-президенті Джо Байден Ақ үй Путинге белгі беріп отыр деп мәлімдеген. «Оны біз таңдаған сәтте, әсері неғұрлым күшті болатын кезде іске асыратын болады» деген Байден.

Ресейлік хакерлер шабуылына қатысты мәселені көптен бері талқылап келе жатқан Барак Обама әкімшілігінің мамандары оған жауап ретінде құпия кибероперацияларды қолданған дұрыс па, жоқ әлде Ресей басшылығына қарсы санкциялар салған жөн бе деген сауалға байланысты әлі күнге ортақ келісімге келген жоқ.

XS
SM
MD
LG