Accessibility links

Лозаннада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздер басталды


Джон Керри (сол жақта) мен Сергей Лавров Сирия жөнінде келіссөздерде. Женева, 9 қыркүйек 2016 жыл.

Джон Керри (сол жақта) мен Сергей Лавров Сирия жөнінде келіссөздерде. Женева, 9 қыркүйек 2016 жыл.

Швейцарияның Лозанна қаласында АҚШ, Ресей және бірқатар аймақтық мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен Сириядағы жанжалды реттеу мәселесіне арналған келіссөздер басталды деп хабарлады Reuters агенттігі.

Бұған дейін бүгін Лозаннада АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров екіжақты кездесу өткізген.

Қыркүйектің 9-ы күні жарты жылдан астам уақытқа жалғасқан келіссөздерден соң АҚШ пен Ресей арасында Сириядағы әскери іс-қимылдарды доғару туралы келісім жасалған еді. Бірақ 19 қыркүйекте Алеппо провинциясында гуманитарлық жүк тиелген автокеруенге жасалған шабуылдан кейін Сириядағы уақытша бітім бұзылған. АҚШ бұл шабуылға ресейлік әскерилерді айыптап, Мәскеумен Сирия жанжалын реттеуге қатысты байланыстарын үзетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG