Accessibility links

Ирак астанасында террорлық жарылыстан бірнеше адам қаза тапқан


Ирак астанасында террорлық жарылыс болған жердегі қан аралас суға қарап тұрған бозбала бейнесі. (Көрнекі сурет.)

Ирак астанасында террорлық жарылыс болған жердегі қан аралас суға қарап тұрған бозбала бейнесі. (Көрнекі сурет.)

Ирак астанасы Бағдатта бүгін жасалған терорлық шабуылдан алдын ала мәлімет бойынша, 15 адам қаза тауып, кемінде 45 адам жараланған деп хабарлады Associated Press агенттігі.

Әл-Жазира телеарнасы оқиға орнындағы полиция өкілдері мен дәрігерлерге сілтеме жасап, қаза тапқандар саны отыздан асады деп хабарлады.

Жарылыс Бағдаттың солтүстігіндегі әл-Шааб ауданында, мұсылман шииттер Ашура діни мерекесін атап өтуге жиналған шатырда жасалған.

Бұл шабуылға жауапкершілікті әзірше ешкім алған жоқ.

XS
SM
MD
LG