Accessibility links

Германия "терактіге дайындалған" күдіктіні АҚШ-тың көмегімен анықтаған


Теракт жасамақ болған деген күдікпен ұсталған сириялық жігіт.

Теракт жасамақ болған деген күдікпен ұсталған сириялық жігіт.

Германия құқық қызметкерлері теракт жасамақ болған деген күдікпен қазанның 10-ы күні Лейпцигте тұтқындаған сириялықты америкалық арнайы қызмет органдары берген ақпараттың арқасында қолға түсірген. Бұл туралы Welt am Sonntag газеті хабарлады.

Басылымның ақпараты бойынша, мамандар іздеуде жүрген сириялық азаматтың «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы өкілдерімен телефон арқылы байланысқа шыққанын анықтаған. Телефон әңгімелерінің бірінде олар жарылғыш зат дайындау және қай жерлерге шабуыл жасауға болатыны туралы талқылаған.

Сириядан Германияға босқын атын жамылып барған күдікті қазанның 10-ына қараған түні ұсталып, абақтыға қамалған. Содан екі күн бұрын Германия полициясы елдің шығысындағы Хемниц қаласындағы оның пәтерінен жарылғыш зат тапқан. Қазанның 12-і күні кешкісін сириялық түрме камерасында асулы тұрған күйі табылған.

XS
SM
MD
LG