Accessibility links

Бағдатта жарылыстан мерт болғандар саны елу адамнан асты


Кезекті террорлық жарылыс болған жерде жүрген адамдар. Бағдат, Ирак, 9 маусым 2016 жыл.

Кезекті террорлық жарылыс болған жерде жүрген адамдар. Бағдат, Ирак, 9 маусым 2016 жыл.

Ирак астанасында сенбі күні діни шара кезінде жасалған жарылыстан мерт болғандар саны 55 адамға жетті деп хабарлады Reuters.

Қазанның 15-і күні Бағдаттың шииттер тұратын ауданында мұсылман шииттер Ашура діни мерекесін атап өтуге жиналған шатырда террорлық жарылыс болған. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы терактіге жауапкершілікті өзіне алатынын мәлімдеген.

Осы жарылысқа дейін сенбі күні исламшылдар полиция бекеті мен Ирак үкіметін жақтайтын сүнниттер қарулы жасағы басшысының үйіне шабуылдар жасап, салдарынан оннан астам адам қаза тапқан.

Биыл жазда Бағдатта осы тәрізді бірнеше теракті болған еді. Олардың бірінде 300-ге жуық адам мерт болып, жүздеген адам жараланған. Бағдатта терактілер жиілеп кеткен соң Ирак билігі шілдеде қауіпсіздік қызметі басшысын қызметінен босатқан.

XS
SM
MD
LG