Accessibility links

Ниццада теракт құрбандарын еске алды


Ниццада 2016 жылғы 14 шілдеде жасалған теракт құрбандарына қойылған гүлдер. (Көрнекі сурет.)

Ниццада 2016 жылғы 14 шілдеде жасалған теракт құрбандарына қойылған гүлдер. (Көрнекі сурет.)

Франциядағы Ницца қаласында сенбі күні биыл шілдеде жасалған теракт құрбандарын еске алу шарасы өтті. Мыңнан аса адам жиналған шараға жазда болған шабуыл салдарынан қаза тапқандардың туыстары, оқиғадан зардап шеккендер және Франция президенті Франсуа Олланд пен өзгелер қатысты.

Еске алу шарасы барысында жергілікті опера әншілері теракт құрбандарының аты-жөнін дауыстап оқып тұрды, онан кейін жиналған жұрт қолдан жасалған ескерткішке гүл қойды. Теракт болған жердегі шарадан тікелей трансляция жүргізіліп, телеарналар мен қала орталығындағы үлкен экрандардан көрсетілді.

Шілденің 14-і күні кешкісін Бастилияны алу күніне арналған мерекелік шараға жиналған жұртты үлкен жүк көлігін айдаған ер адам қатты жылдамдық таптап өткен. Көлік жүргізушісін сол жерде полиция атып өлтірген. Кейін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы шабуылға жауапкершілікті өзіне алатынын мәлімдеген.

Ниццадағы шабуыл салдарынан қаза тапқан 86 адамның арасында Қазақстанның 4 азаматы бар.

XS
SM
MD
LG