Accessibility links

Лозаннада Сириядағы жанжалға қатысты келіссөз нәтижесіз аяқталды


Әуе шабуылынан қираған ғимараттар. Алеппо, 14 қазан 2016 жыл.

Әуе шабуылынан қираған ғимараттар. Алеппо, 14 қазан 2016 жыл.

Швейцарияның Лозанна қаласында сенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров келіссөз өткізді. Төрт сағатқа жалғасқан келіссөзге Түркия, Қатар, Сауд Арабиясы мен Иранның өкілдері қатысты. Келіссөзге қатысушылар оның қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасаған жоқ.

Осы жиынға Керримен бірге барған америкалық жоғары лауазымды дипломат журналистерге Лозаннадағы кездесу тың нәтижеге қол жеткізуді емес, «идеялармен алмасуды» көздегенін айтқан.

Керридің сөзінше, Сириядағы жанжалды реттеу жөніндегі келесі келіссөз қазанның 17-інде өтпек. Сирия бойынша байланыстар жақын күндері жалғасатынын Лавров та растаған.

Бұған дейін Save the Children, Oxfam International, International Rescue Committee және Norwegian Refugee Council гуманитарлық ұйымдары Алепподағы адамдарға өте қажетті гуманитарлық жәрдем жеткізіп, жаралыларды эвакуациялау үшін ол жердегі әскери іс-қимылдарды дереу тоқтату, бітімге келуге шақырған.

XS
SM
MD
LG