Accessibility links

БАҚ: Меркель Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуды ұсынбақ


Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия канцлері Ангела Меркель.

Мәскеудің Сирия жөніндегі ұстанымына байланысты Германия канцлері Ангела Меркель Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді ұсынбақ ниетте деп жазады Frankfurter Allgemeine Zeitung газеті. Басылымның хабарлауынша, санкция туралы мәселе келесі аптада Еуропа кеңесі отырысында талқыланбақ.

Канцлерге санкция мәселесі бойынша коалициядағы серіктесі Германия социал-демократиялық партиясымен (SPD) келісімге келу қиынға түсуі ықтимал, бірақ Ресейдің іс-әрекеттеріне наразылық Германияда ғана емес, еуропалық өзге елдерде де күшейіп барады деп жазады басылым. Оған Сириядағы БҰҰ-ның гуманитарлық жүк керуендерін бомбалау және Алеппа қаласына жасалған әуе шабуылдары себеп болған.

АҚШ президенті Барак Обама телефон арқылы әңгімеде Меркельге қолдау білдірген.

Ресейге қарсы салынуы ықтимал жаңа санкциялар ұшақ құрастыру және әскери-өнеркәсіп кешені салаларына әсер ететіні айтылып отыр.

XS
SM
MD
LG