Accessibility links

Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран сынағы сәтсіз болды


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Сохае ғарыш орталығында сптуникке арналған жаңа зымыран қозғалтқышымен танысып тұр. (Көрнекі сурет.)

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Сохае ғарыш орталығында сптуникке арналған жаңа зымыран қозғалтқышымен танысып тұр. (Көрнекі сурет.)

Солтүстік Кореяның сенбі күні орта қашықтықтағы «Мусудан» баллистикалық зымыран сынау әрекеті сәтсіз аяқталды деп хабарлады АҚШ қорғаныс министрлігі. Пхеньян әзірше бұл ақпаратқа қатысты комментарий берген жоқ.

БҰҰ-ның тыйымдарына қарамастан Солтүстік Корея биыл қыркүйектің 9-ы күні өзінің бесінші және осы кезге дейінгі ең ірі ядролық қару сынағын өткізген. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға қарсы қосымша санкциялық шаралар әзірлейтінін мәлімдеген. Тамыз айында Солтүстік Кореяда бірнеше рет баллистикалық зымыран сынақтары өткізілген. Зымырандардың бірі әуеге ұшырылар сәтте жарылған.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG