Accessibility links

АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі қақтығысты жедел тоқтатуға шақырады


Санадағы Сауд Арабиясы бастаған коалицияның әуе шабуылдарынан қираған нысандар. Йемен, қазан 2016 жыл.

Санадағы Сауд Арабиясы бастаған коалицияның әуе шабуылдарынан қираған нысандар. Йемен, қазан 2016 жыл.

АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі қақтығысты ешқандай шартсыз бірден тоқтатуға шақырды. "Дереу қақтығысты тоқтатып, келіссөз бастайтын уақыт жетті" деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Лондонда Ұлыбритания сыртқы істер министрі Борис Джонсонмен және үкіметтің басқа да өкілдерімен кездесуінен соң.

Джон Керридің сөзіне қарағанда, егер соғысушы тараптар бітімге келіссе, онда БҰҰ-ның арнайы өкілі Улд Шейх Ахмед ары қарайғы іс-қимылдың егжей-тегжейлі жоспарын дайындай алады. Ол Борис Джонсон мен Шейх Ахмед "бітімді мүмкін болғанынша тез арада, дүйсенбі немесе сейсенбіде жариялауға шақыратынын" айтады.

"Йемендегі қантөгісті тоқтатудың қаншалықты шұғыл қажет екенін сөзбен айтып жеткізу қиын" деді Керри. БҰҰ мәліметіне қарағанда, Йеменде өткен жылы наурызда Сауд Арабиясы бастаған коалицияның көтерілісшіл хуситтерге қарсы әскери операциясы басталғалы бері 10 мыңнан астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG