Accessibility links

Черногорияда "шабуыл жасауды жоспарлаған" топ адам ұсталды


Черногорияда ұсталған Сербия азаматтары. Подгорица, 16 қазан 2016 жыл.
Черногорияда ұсталған Сербия азаматтары. Подгорица, 16 қазан 2016 жыл.

Черногория полициясы парламент сайлауынан соң қарулы шабуыл жасамақ болды деген күдікпен 20 адамның тұтқындалғанын мәлімдеді. Құқық қорғау органының өкілі Славко Стояновичтің хабарлауынша, ұсталғандар - көршілес Сербия мемлекетінен шыққандар.

Оның айтуына қарағанда, күдіктілер "мемлекеттік институттар мен полицияға автоматпен шабуыл жасауды жоспарлаған". Ол бұдан өзге егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.

Черногорияда парламент сайлауы 16 қазанда өткен. Болжам бойынша, сайлауда премьер-министр Мило Джукановичтің батысшыл "Социалистердің батысшыл партиясы" жеңіп шығуы мүмкін. Сарапшылар бұл сайлауды "Черногорияның Ресей, я Батысты таңдау мүмкіндігі" деп санайды.

XS
SM
MD
LG