Accessibility links

Алматыда 18 шілдедегі шабуылға қатысты соттың алдын ала тыңдауы басталды


Алматыда полиция қарулы шабуыл жасады деген күдіктіні ұстап жатыр. 18 шілде 2016 жыл.

Алматыда полиция қарулы шабуыл жасады деген күдіктіні ұстап жатыр. 18 шілде 2016 жыл.

Алматыда 18 шілдеде қаланың орталығында болған қарулы шабуылға қатысты соттың алдын ала тыңдауы басталды. Бұл іс бойынша басты айыпталушы - 26 жастағы Руслан Күлекбаевқа теракті жасады, күш құрылымдарының сегіз қызметкері мен екі бейбіт тұрғынды өлтірді және үш адамды өлтіруге оқталды деген айып тағылған. Сот Алматы маңындағы тергеу изоляторында өтіп жатыр. Сотта қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Іс бойынша Күлекбаевтан өзге бес адам - Роберт Лю, Жасұлан Сапарбеков, Дәурен Әсембекұлы, Ербол Құсайынов, Нұрсұлтан Әбдімомын да сотқа тартылған. Оларға қарақшылық шабуыл жасады, ұрлық жасады және заңсыз қару-жарақ сақтады деген айыптар тағылған.

Руслан Күлекбаев шабуыл болған күні ұсталған. Полицияның мәлімдеуінше, ол шабуылды жалғыз өзі және түрмеде отырғаны үшін кек алу ретінде жасаған. Ішкі істер министрлігі Күлекбаев бұған дейін заңсыз қару сақтады және ұрлық жасады деген айыппен сотталғанын айтады.

Алматыда бұл шабуылдан соң бір күнге террористік қауіп-қатердің жоғарғы "қызыл деңгейі" жарияланған.

Ақтөбеде маусымда жасалған қарулы шабуылдардан соң Қазақстанда жарияланған террористік қауіп-қатердің қалыпты "сары деңгейі" 2017 жылдың 15 қаңтарына дейін күшінде.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG