Accessibility links

Белсенділер биліктен Талхизді сақтап қалуға көмек сұрады


Қазпошта алдына жиналған белсенділер. Алматы. 17 қазан 2016 жыл.
Қазпошта алдына жиналған белсенділер. Алматы. 17 қазан 2016 жыл.

«Алматыны қорғайық» және "Көкжайлауды қорғайық" тобының белсенділері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа және парламентке хат жолдау үшін Алматыдағы Қазпошта бөлімшесінің біріне жиналды.

Олар биліктен Талхиз археологиялық ескерткішін сақтап қалуға көмек сұрады. Белсенділердің айтуынша, тарихи жердің үстінен Алатау шаңғы-биатлон комплексіне апаратын жол салынып жатыр.

16 қазанда белсенділер 8-14 ғасырда ортағасырлық Талхиз қаласы болған жерге (қазіргі Талғар ауданының оңтүстік жағы) арнайы барып қайтқан. Бұл сапар кезінде олар ашылып қалған адам сүйектері мен түрлі тарихи заттар тауып алғандарын айтады.

Талхиз аймағы - ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра объектісі тізіміне енген. Талхиздегі жол құрылысын тоқтатуды Әлкей Марғұлан атындағы археология институты, Бүкіләлемдік мұра комитеті де талап еткен. Белсенділердің айтуынша, егер бұл талап орындалмаса Талхизді ЮНЕСКО тізімінен шығаруы мүмкін.

XS
SM
MD
LG