Accessibility links

Германияда BASF зауытындағы жарылыстан екі адам қаза тапты


BASF компаниясының зауытында болған жарылыс пен одан кейін шыққан өрт. Людвигсхафен, Германия, 17 қазан 2016 жыл.

BASF компаниясының зауытында болған жарылыс пен одан кейін шыққан өрт. Людвигсхафен, Германия, 17 қазан 2016 жыл.

Германияның батысындағы әлемдегі ең ірі BASF химиялық компаниясының зауытында болған күшті жарылыстан екі адам қаза тауып, алты адам қаза тапты. Тағы екі адам із-түзсіз жоғалды деп саналады. Жарылыс Людвигсхафенде Рейн өзеніндегі айлақтардың бірінде болған.

Бұл аймақ тез тұтанатын сұйықтықтар мен сығымдалған газды жүктеп, тиеу үшін пайдаланылады. Зауыт директоры Уве Либельттің сөзіне қарағанда, жарылыстан аз уақыт бұрын контейнерлерге заттарды түсіріп жатқан құбырдан өрт шыққаны хабарланған.

Полиция Людвигсхафен қаласы мен көршілес Манхайм қаласының тұрғындарына есіктері мен терезелерін ашпауға, желдету жүйелері мен кондиционерді ажыратуға кеңес берген. Жүргізушілерге де жарылыс болған ауданды айналып жүру ұсынылған. BASF қауіпсіздік мақсатында жарылыс орнына жақын орналасқан 14 химиялық зауыттың жұмысын тоқтата тұрған.

XS
SM
MD
LG