Accessibility links

Ақтөбедегі қарулы шабуылға қатысты сот жабық өтеді


Ақтөбедегі қарулы шабуылға қатысты сот процесіндегі судья Ахметқали Молдағалиев сот процесінің жабық болатынын жариялап тұр. Ақтөбе, 18 қазан 2016 жыл.
Ақтөбедегі қарулы шабуылға қатысты сот процесіндегі судья Ахметқали Молдағалиев сот процесінің жабық болатынын жариялап тұр. Ақтөбе, 18 қазан 2016 жыл.

Ақтөбеде қарулы шабуылға күдіктілердің үстінен басталған сот тыңдауы жабық түрде өтеді. Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, бұл туралы бүгін таңертең басталған соттың алдын ала тыңдауында судья Ахметқали Молдағалиев мәлімдеді. Судья журналистерге соттың жабық түрде өтетінін ғана айтып, оның себебін кейін түсіндіретінін жеткізді.

5 маусымда болған қарулы шабуылдарға қатысты күдікке ілінген 29 адамның үстінен соттың алдын ала тыңдауы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.

Сот ғимаратында күзет күшейтіліп, сот орналасқан аудан қоршауға алынған. БАҚ өкілдері сот процесін арнайы залдан монитордан қарап отырған, Тыңдау басталғанда судья сотталушыларды таныстырған соң мониторда дыбыс өшіп, бейне ғана қалды.

Сот сыртында сотталушылардың туыстары жүр. Бірақ олар Азаттыққа қандай да бір комментарий беруден бас тартты.

Қылмыстық іс бойынша 29 адам сотқа тартылады. Оның тоғызы түрлі қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны, оның ішінде терроризм актісін жасауға тікелей қатысқандары, 18-і дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламағаны, екеуі қылмысты жасырып қалғандары үшін айыпталып отыр. Айыптылардың құқығын 27 адвокат қорғайды. Бұл іс бойынша 88 адам жәбірленуші, 48 адам куәгер деп танылған.

XS
SM
MD
LG