Accessibility links

Америкалық компания ғарышқа жүк кемесін ұшырды


Вирджиния штатындағы айлақта Cygnus кемесін ұшыруға дайындап қойылған Antares pзымыраны. АҚШ, 14 қазан 2016 жыл.

Вирджиния штатындағы айлақта Cygnus кемесін ұшыруға дайындап қойылған Antares pзымыраны. АҚШ, 14 қазан 2016 жыл.

Америкалық Orbital OTK жекеменшік компаниясы Cygnus жүк таситын ғарыш кемесін сәтті ұшырды. Кеме халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік пен ғылыми зерттеулер жүргізуге қажетті аппараттар жеткізуі тиіс.

Orbital OTK компаниясы екі жылдан бері бірінші рет ғарыш кемесін ұшырып отыр. 2014 жылы 28 қазанда Antares зымыраны ұшырылатын кезде жарылып кетіп, ұшырылым алаңы мен орбитаға жеткізілуі тиіс жүк жойылып кеткен. Кейін жарылысқа 50 жыл бұрын жасалған советтік НК-33 қозғалтқышының негізінде жаңартылып жасалған қозғалтқыштағы ақау себеп болғаны анықталған. Қазіргі зымыранда ресейлік "Энергомаш" зауыты жасаған РД-181 қозғалтқышы қолданылады.

Бортында 2,5 тонна жүгі бар Cygnus кемесі орбитада сондағы станциямен түйісу сәтін күтіп, бір аптаға жуық уақыт болады. Станциямен әуелі 19 қазанда Байқоңырдан ұшырылатын "Союз" кемесі түйіседі.

Orbital Cygnus - ғарышқа жүк кемесін ұшырумен айналысатын америкалық жекеменшік екі компанияның бірі. Оның бәсекелесі SpaceX компаниясы өзі жасайтын қозғалтқышты қолданады. Екі жылда SpaceX ғарышқа тоғыз жүк кемесін ұшырды. Бірақ SpaceX-тің 1 қыркүйекте ұшады деп жоспарлаған Falcon-9 кемесі ұшу алдындағы сынақ кезінде жарылып кеткен.

XS
SM
MD
LG