Accessibility links

Актриса Хабиба Елебекова қайтыс болды


Хабиба Елебекова, актриса, Қазақстанның халық әртісі.
Хабиба Елебекова, актриса, Қазақстанның халық әртісі.

Қазақстанның халық әртісі, актриса Хабиба Елебекова 101 жасына қараған шағында дүние салды. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынан Азаттыққа актрисаның бүгін Алматыда қайтыс болғанын растады.

Хабиба Елебекова - Қазақстанның халық әртісі, әнші Жүсіпбек Елебековтің жары. Марқұм театр сахнасында ондаған рөлді, оның ішінде Жұмат Шаниннің “Арқалық батыр” спектаклінде Қарагөз рөлі, Мұхтар Әуезовтің “Абай” спектаклінде Қанікей, Ұлжан рөлдері, Ғабит Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян Сұлуындағы” Мақпалдың рөлі, Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсіреповтің “Амангелдісіндегі” Қырмызы рөлдерін сомдаған.

Марқұммен қоштасу 20 қазан күні сағат 10:00-де М. Әуезов атындағы театрда өтеді.

XS
SM
MD
LG