Accessibility links

Берлинде төрт ел басшылары Украина дағдарысын талқылайды


Германия, Ресей, Украина және Франция басшылары келіссөз кезінде. Минск, ақпан 2015 жыл.

Германия, Ресей, Украина және Франция басшылары келіссөз кезінде. Минск, ақпан 2015 жыл.

Германия, Франция, Ресей мен Украина президенттері 19 қазанда Берлиндегі саммитте Донбаста бітім орнатуға күш салу жайын талқылайды.

Германия канцлері Ангела Меркельдің баспасөз хатшысы Стеффен Зайберттің мәлімдеуінше, канцлер Ресей, Украина және Франция президенттері Владимир Путин, Петр Порошенко мен Франсуа Олландты "Минск келісімін орындалуының бағалауға" шақырған. Зайберт төрт ел жетекшілері сонымен қатар Украинадағы қақтығысты тоқтатуға бағытталған "ендігі қадамдарды" талқылайтынын айтады.

Төрт ел басшылары соңғы саммитін 2015 жылы қазанда Парижде өткізген.

2015 жылы ақпанда Франция мен Германияның ара ағайындығымен Минскіде жасалған келісім Донбастағы Украина үкіметінің әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистердің арасындағы кескілескен соғысты тоқтатуға ықпал еткен. Бірақ екі жақ үздік-создық жанжал жалғасып, дағдарысты саяси жолмен шешу сәтсіздікке ұшырай берді.

Донбаста 2014 жылы наурызда қақтығыс басталғалы бері 9600-ден астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG