Accessibility links

Пешмерга командирлері: Мосулда ИМ содырларын тықсыра түстік


Күрдтердің әскери Пешмерга жасақтары мен әскери техникалар Мосулға қарай бет алып барады. Ирак, 17 қазан 2016 жыл.
Күрдтердің әскери Пешмерга жасақтары мен әскери техникалар Мосулға қарай бет алып барады. Ирак, 17 қазан 2016 жыл.

Күрдтердің әскериленген Пешмерга құрылымының командирлері өз жасақтары мен ирак күштері Мосулға шабуылын күшейткенін мәлімдеді. Мосулды "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының содырларынан азат ету операциясы АҚШ бастаған коалиция ұшақтарының қолдауымен жүргізіліп жатыр.

Бір күн бойғы артиллериядан, зымыранмен атқылаудан соң күрд күштері шамамен 200 шаршы километр аумақты басып алып, ИМ содырларын ығыстырған.

2014 жылдан бері Им бақылауында тұрған Мосулға бақылау орнату үшін шайқас Ирактан 2011 жылы америкалық әскерилер шығарылғаннан бергі ең ірі әскери операция болып отыр.

Ирак үкіметінің әскері қалаға Мосулдан оңтүстікке қарай 60 километр қашықтықтағы Кайяра базасынан, ал Пешмерге жасақтары шығысынан шабуылдап жатыр.

XS
SM
MD
LG