Accessibility links

Ресей патриархы Ұлыбританияға сапарынан оралды


Орыс православие шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл.
Орыс православие шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл.

Орыс православие шіркеуінің басшысы патриарх Кирилл Ұлыбританияға жасаған төрт күндік сапарын аяқтап, Ресейге оралды.

Патриарх Кирилл Лондондағы православие шіркеуінде құлшылық өткізіп, Букингем сарайында қабылдауда болған. Ол Кентерберий архиепископы Джастин Уэлбимен де кездескен. Сапар барысында ол патшайым Екінші Елизаветамен де жолыққан.

Патриар Кирилл​дің сөзіне қарағанда, британдықтар Ресей мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынастың нашарлағанына қарамастан "жаулық пиғыл білдірмеген". "Кездесулерге көңілім толады және ол осындай жақсы ауанда өтеді деп ойламадым" деді ол.

Патриарх Кирилл - орыс православие шіркеуінің соңғы 300 жылда Ұлыбританияға барған алғашқы басшысы.

XS
SM
MD
LG