Accessibility links

Алматы облысы: Есіктегі "топ болып зорлау" ісі бойынша сот басталды


Алматы облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Алматы облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Алматы облысының Есік қаласында Еңбекшіқазақ аудандық сотында тұрғын Жібек Мусинованы топ болып зорлады делінген күдіктілердің ісіне қатысты сот басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Сот жабық түрде өтіп жатыр.

Сотта сотталушылардың адвокаты Айман Омарова күдіктілерге айыптау актісі дұрыс берілмей, заң бұзылғаны туралы талап-арыз түсірген. Адвокаттың сөзіне қарағанда, күдіктілердің екеуі - қазақ тілінде, екеуі - орыс тілінде сөйлейді. Бірақ қазақ тілді күдіктілерге орыс тіліндегі, орыс тілді күдіктілерге қаза тіліндегі айыптау актісі берілген. Бұдан соң сот отырысы кейінге шегерілген.

Адвокаттың сөзінше, сотталушылар арасында полиция қызметкерлері жоқ болғанымен, куәгерлер арасында полицейлер бар. сотталушыларға "топ болып адам ұрлады, адам зорлады және жыныстық сипаттағы зорлық әрекетін жасады" деген айыптар тағылған. Екі сотталушыға сонымен қатар бұзақылық жасады деген айып тағылған.

Бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Гүлбадар Мусинова қызы Жібек Мусинованы 14 тамызға қараған түні Есікте төрт адамның зорлағанын айтып, қылмысты тергеуде көмек көрсетуді сұрап видео үндеу жариялаған.

XS
SM
MD
LG