Accessibility links

Чехия полициясы: АҚШ сайттарына хакерлік шабуыл жасаған ресейлік ұсталды


Прага полициясы, Чехия (Көрнекі сурет).

Прага полициясы, Чехия (Көрнекі сурет).

Прага полициясы Ресей азаматын АҚШ-та орналасқан вебсайттарға хакерлік шабуыл жасады деген күдікпен ұстады.

Прага полициясының ресми өкілі аты-жөні аталмаған ресейлік АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросымен бірлесе жүргізген тергеуден соң қаладағы қонақүйлердің бірінің мейрамханасында ұсталғанын хабарлады. Күдіктіні АҚШ-қа экстрадициялау жайын сот анықтайды.

АҚШ билігі Ресейді Демократиялық партия жетекшілерінің электрондық хаттарын жариялау және басқа да хакерлік шабуылдар жасау арқылы 8 қарашада өтетін президент сайлауына ықпал еткісі келеді деп айыптайды.

16 қазанда Ресей президенті Владимир Путин Вашингтонның ресейлік хакерлердің әрекетіне жауап ретінде кибер шабуыл жасалуы мүмкін деген ескертпесін сынап, оны "сайлауалдындағы көпірме сөз" деп атаған.

XS
SM
MD
LG